Линдси Лохан араб кәсіпкеріне тұрмысқа шықты
36 жастағы актрисаның таңдауы Бадер Шамас есімді Дубай тұрғынына түсті. Үйлену тойы Лоханның туған күні – 2 шілдеде өтті.
«Жаман қыздар» фильмінің жұлдызы болашақ жарымен 2014 жылы танысты. Линдси Дубайда түнгі клуб ашпақ болған. Былтыр қарашада Бадер сүйіктісіне ұсыныс жасады.
«Мен әлемдегі ең бақытты жанмын! Сен мені іздеп таптың. Сен менің бақыт пен шапағат қалайтынымды білдім. Мен сенің жарың болғанына сене алар емеспін. Сен менің өмірім мен барымсың. Әрбір әйел осындай сезімде болу керек»,
— деп жазды Линлси Инстаграм парақшасында. Айта кетсек, бұған дейін актриса ислам дініне бет бұруға ниетті екенін айтқан болатын.