Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында әлемдік рекорд орнатты
Едіге Емберді жасөспірімдер арасындағы турнирде 73 келіде сынға түсіп, 306 келіні бағындырды.
Ал жұлқа көтеру бағдарламасында қазақстандық ауыр атлет 172 келіні көтеріп, жаңа рекорд орнатты. Едіге өзбекістандық және канадалық қарсыластарын артта қалдырып, алтын медаль жеңіп алды. Жалпы Мексикада өтіп жатқан турнирде Қазақстан құрамасының қоржынына үш алтын және екі қола медаль түсті.
Дереккөз: Vesti.kz