Джонни Депп Эмбер Хердтен өтемақы алмаймын деп отыр
Актердің экс-жары сот шешімі бойынша бұрынғы күйеуіне жала таққаны үшін $8 млн төлеуге міндетті. Алайда сотта $50 млн талап еткен Депп өтемақыдан бас тартпақшы.
Актердің адвокаты Камилла Васкес осылай деп отыр. Себебі Джонни үшін бастысы адал атын қайтару маңызды болды. Және ол дегеніне жетті. Еске салсақ, алты жылға созылған жанжалдан кейін Джонни Депп сотта әйеліне қол тигізбегенін дәлелдеп шықты.