Ғалымдар: Ұйқысы қанбаған адамға айналадағы адамдар сүйкімсіз болып көрінеді
Швед мамандары ондаған әйел мен ер адам қатысуымен тәжірибе өткізген.
Қатысушыларға бір түн сегіз сағат ұйықтауға рұқсат етілді. Ал екінші түні еріктілер мүлдем ұйықтамай шықты. Ертесіне қатысушыларға әр түрлі адамдардың фотолары көрсетілген. Белгілі болғандай, ұйықтамаған күні тәжірибеге қатысушылар фотодағы адамдарды сүйкімсіз деп тапқан. Ғалымдар бұл тәжірибе жұп іздеп жүрген жандарға көмегін тигізеді деп отыр. Себебі, дәмхана мен барға біреумен танысу үшін барар алдында, жақсылап ұйықтап алған жөн.
Дереккөз: Study Finds