Тайвань тұрғындары тегін суши үшін «Ақсерке» атанып, бұрыңғы есімдерін қайтара алмай жүр

🌐 В мире
01.06.2022
Просмотров: 155

Биыл наурызда жергілікті дәмханалардың бірі ерекше науқан жариялады.

Есімінде «Ақсерке» иероглифі бар келушілер мен оның достарына тегін суши берілді. Ал егер келушінің есімі «Ақсерке» деп естіліп, ал жазылуы басқаша болса, 50%-дық жеңілдік берілді. Нәтижесінде 300-ден астам ел тұрғыны «Ақсерке арманы», «Билеп жатқан Ақсерке» тәрізді жаңа есім иелері атанды. Алайда науқан аяқталғаннан кейін көбісі ескі есімін қайтара алмай қалды. Себебі заң бойынша Тайвань тұрғындары өмірінде есімін үш реттен артық ауыстыра алмайды екен.

Дереккөз: Oddity Central

Метки: Суши Тайвань

Так же вам может быть интересно