Латвияда гүл сортына Димаш Құдайбергеннің аты берілді
Қазақстандық әншінің 28 жылдығына орай «Babite» латвиялық саябағында «Dimash Qudaibergen» рододендрон сұрыпының 8 эксклюзивті көшеттері алынды.
Гүлдер әртіске және Нұр-Сұлтан қаласының Ботаникалық бағына беріледі. Жаңа сортты Латвиядағы рододендрондардың бас селекционері Гунита Рихстин шығарған. Өсімдіктердің гүлдеуі кезінде 50 мыңға жуық адам баратын паркте Димаштың фан-клубының бастамасымен тағы да «Қазақстан бұрышы» ашылды.
Дереккөз: Dimashnews