Қытай тұрғыны тезірек үйлендіру үшін ұлына 20 үй алып берген
24 жастағы жігіттің әкесі осылайша оған лайықты қалыңдық тауып бермекші.
Ер адам құдалыққа өзімен бірге 20 жылжымайтын мүліктің күәлігін алған. Қалыңдық іздеп жүрген жеңгетай бұл мақтану үшін емес, жігіттің ниетінің түзу екенін көрсету үшін жасалып отырғанын айтты. Айта кетсек, Қытайда 30 жасқа дейін үйленбеген жастарды ата-аналары тезірек отау құруға ынталандырады. Тіпті өздері кездесулер де ұйымдастырады.
Дереккөз: Insider