Медальдан бас тартты: Дмитрий Биволдың әкесі Головкин жайлы қызықты естелікпен бөлісті
Юрий Бивол қазақстандық боксшыны бала күнінен таниды екен. Оқиға Тоқмақтағы жарыста орын алған.
«Гена жекпе-жегінде дұрыс айқаса алмай, төрешілер жеңісті біздің балаға берген. Сол кезде ол көңілі түсіп кеткен еді. Біздің бапкер баланың бетін қақпау үшін Гена жеңіліп қалса да медаль берген болатын. Алайда GGG медальдан бас тартты»,
— деді Биволдың әкесі Матч-ТВ арнасына берген сұхбатында. Еске салайық, Дмитрий Бивол Сауль Альвареске қарсы жекпе-жекте жеңіске жетті. Жаңартылған BoxRec рейтингінде Бивол 17-ші орыннан екінші орынға көтерілді. Канело рейтингіде көш бастап тұр. Үздік үштікке Геннадий Головкин кірді.
Дереккөз: Vesti.kz