Қазақстан шахматтан әлем чемпионатында 5 медаль жеңіп алды, үшеуі — алтын
Қазбек Нөгербек ел қоржынына блиц шахматтан алтын медаль салды. Бұған дейін ол 18 жасқа дейінгі жастар арасындағы рапидтен әлем чемпионы атанған болатын.
Ал 17 жастағы Назерке Нұрғали блицтен қыздар арасында алтын медаль жеңіп алды. 14 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы жарыста Даниял Сәпеновке күміс жүлде бұйырды. Бұған дейін ол рапидтен қола жүлдегері атанды. Осылайша Қазақстан қоржынына 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль түсті.
Дереккөз: Қазақстан шахмат Федерациясы
Фото: Facebook/kazchesskz