Жеңілдетілген автонесие келесі аптада іске қосылады
Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
Қазір утилизациялық алым бойынша оператор «Жасыл даму»АҚ-дан жеңілдетілген автокредитке қаржы бөлу жұмыстары жүріп жатыр. Бағдарламаның негізгі шарттары: несие сомасы – 10 млн теңге; жылдық сыйықасы 4%; мерзімі – 7 жыл. Көлік бағасы кредит сомасынан жоғары болса, үстінен ақша қосуға болады.
Дереккөз: Спутник