Жапониялық ғалымдар тұзы аз тағамға дәм келтіретін таяқшалар ойлап тапты
Олар электр тоғына қосылған. Электр ағыны хлорид натрийдің иондарына әсер етіп, тағамға тұзды дәм береді.
Тәжірибе кезінде қатысушыларға алдымен тұзы жеткілікті гельдің дәмін татып көруді ұсынған. Содан кейін тұзы 30%-ға аз гель беріп, электр таяқшаларын қодануды сұраған. Нәтижесінде тәжірибеге қатысушылар екінші гельдің тұзы көбірек сезілетінін байқаған. Ғалымдар таяқшадан шығатын тоқ мөлшері өте аз және адам ағзасына зиян келтірмейді деп отыр.
Дереккөз: Soranews