Дэвид Бекхэмның баласы әйелінің тегін алды
23 жастағы жігіт енді өзін Бруклин Пельтц Бекхэм деп атайды. Иә, алдымен әйелінің фамилиясы тұр.
Бруклин өзінің Инстаграмдағы парақшасының атауын өзгертіп те қойды. Оның 27 жастағы әйелі Никола да өз тегін қалдырып, Бекхэм фамилисян қосып алды. Желі қолданушыларының бірі бұл шешімді дұрыс емес деп қабылдаса, басқалары қолдады. Бруклин осылайша әйел күйеуінің жеке-меншігі емес екенін көрсетіп, ерлі-зайыптының арасында тепе-теңдік сақтауға болатынын көрсетті деген пікір айтылып жатыр. Еске салайық, Дэвид пен Виктория Бекхэмның үлкен үлы Бруклин мен миллиардердің қызы Никола Пельтцтің үйлену тойы жақында, 9 сәуірде өтті.