Қазақстанда әлемдегі ең қымбат препарат алғаш рет қолданылды
Золгенсма омыртқаның бұлшықет атрофиясы (СМА) диагнозымен туған төрт айлық қыз балаға салынды.
Препаратты енгізу сәтті өтті, қазір нәрестенің жағдайы тұрақты. Жақын күндері препарат тағы үш балаға салынады. Бұл туралы «Қазақстан халқына» қоры хабарлады. Золгенсма – әлемдегі ең қымбат препараттың құны 2 миллион доллар. Айта кетейік, 2,5 ай ішінде әлеуметтік қорға 125 миллиард теңге қаражат түсті.
Дереккөз: Спутник