Онлайн-конференцияға басып кірген бала әкесінің сырын ашып қойды
Reddit әлеуметтік желісінде қызықты видео тарады.
Онлайн-конференция кезінде бөлмеге бүлдіршін кіріп кетіп, әкесінің әріптестеріне сәлем берген. Содан кейін бала бөлмеден шығып кетті. Онда тұрған ештеңе жоқ, әрине, бірақ әкесі ашық қалған есікті жабу үшін орнынан тұрғанда, ер адамның шалбар кимегені көрініп қалған. Ол ұялғаннан кешірім сұрай бастаса, онлайн кездесудің басқа қатысушысы да орнынан тұрып, ол да шолақ шалбар киіп алғанын көрсеткен. Кездесу күлкімен аяқталды, ал жария болған видео мыңдаған қаралым жинады.