Конституцияға қандай өзгерістер енгізілетіні белгілі болды

🇰🇿 Новости Казахстана
18.03.2022
Просмотров: 147

Әділет министрі Қанат Мусинның айтуынша, Ата заңға Президент өкілеттігін, оның қызметіне байланысты шектеулерді белгілеу туралы, Конституциялық сот құру, Конституцияда өлім жазасын жою туралы шешімді бекіту сияқты жалпы 30-дан астам өзгертулер енгізіледі.

Сондай-ақ, әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында қызмет атқаруға тыйым салу, Саяси партияларды тіркеу рәсімін оңайлату, Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау туралы заңдар қабылданады. Еске салайық, 16 наурызда Ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында Қазақстанның қуатты парламенті бар президенттік республикаға көшетіні туралы айтқан болатын.

Дереккөз: Tengrinews

Фото: Akorda

Так же вам может быть интересно