Ұйықтауға кедергі келтіретін әдет аталды
Ұйқы маманы Карлеара Вейсстың айтуынша, бұл — сағатқа қарау.
Өйткені, біріншіден, уақытқа қарағанда адам алаңдай бастайды. Екіншіден, көбінесе уақытты телефон арқылы білеміз, ал одан шығатын жарық ұйқыға кетуге қатысатын мелатонин гормонының бөлінуіне кедергі жасайды. Мамандар ұйықтар алдында телефон экранын жауып қойып, мүмкіндігінше жатын бөлмеде сағатты алып тастауға кеңес береді.
Дереккөз: Well and Good