Геннадий Головкин «Канеломен» үшінші жекпе-жек өткізуге қатысты шешім қабылдады
Қазақстандық боксшы мексикалық Сауль Альвареспен кездесуді қыркүйекте өткізуге келісімін берді.
ESPN телеарнасының инсайдері Майк Коппинджердің хабарлауынша, Головкин келісімге қол қойып, мәміленің өзіне қатысты бөлігін жапқан. Қыркүйекте «Канеломен» кездесу үшін Головкин алдымен сәуірде жапониялық боксшы Риота Муратаны жеңуі керек.
Дереккөз: Sports.kz