4%-тік автокредитке бағасы қандай көліктер берілетіні белгілі болды
Бағдарлама аясында 10 млн теңгеге дейінгі көлікті рәсімдеуге рұқсат беріледі.
Ал одан қымбат болса, қажетті соманы рәсімдеп, үстінен төлеуге мүмкіндік бар. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев мәлімдеді. Еске салайық, жеңілдетілген автонесие бойынша Hyundai, JAC, Chevrolet, KIA және LADA автомобильдері қолжетімді.
Дереккөз: Спутник