Маңғыстауда бір тәулікте бірден төрт егіз дүниеге келді
Облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығында алты ұл мен екі қыз дүниеге келген.
Дәрігерлердің айтуынша, нәрестелердің жағдайы жақсы. Ең кішкентай баланың салмағы шамамен 2 келіні құраса, ең ірісінің салмағы – 3 келіден асты. Айта кетейік, 2021 жылы «Ана мен бала» перинаталдық орталығы егіздердің дүниеге келу көрсеткіші бойынша көш бастады. Перзентханада бір жылда 169 егіз және үш үшем дүниеге келді.
Дереккөз: Лада