ҰБТ-ға жаңа пән енгізіледі
Келесі жылдан бастап ІТ саласындағы мамандықтарды меңгергісі келеген талапкерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуде физика емес, информатика пәнінен тест тапсырады.
Білім және ғылым министрлігі көптеп түскен өтініштерден кейін осындай шешім қабылдауды жөн көрді. Осылайша, «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар» және «Ақпараттық қауіпсіздік» білім бағдарламаларын таңдаған түлектер ҰБТ-да физика емес, информатика пәнін тапсырады.