Вьетнамдық шеберлер 1 жылда Bugatti-дің толық көшірмесін жасап шығарды
Автомобильдің әрбір бөлшегі әйгілі Bugatti Chiron-ды қайталайды. Бірнеше энтузиаст оны болат құбырлары мен шыны талшығы негізінде жасады.
Алайда вьетнамдық Bugatti-дің қозғалтқышы түпнұсқадан әлдеқайда қарапайым. Гиперкардың көшірмесіне Toyota-ның 1,6 литрлік қозғалтқышы қойылған. Түпнұсқалық Bugatti 1500 ат күші бар W16 қозғалтқышымен жабдықталған. Бүкіл құрылыс процессі видеоға түсірділді. Еске салайық, бұдан бұрын вьетнамдық шеберлер сантехникалық құбырлардан Porsche 918 Spyder-дің көшірмесін жасаған болатын.