Ғалымдар: Бір-екі сағат артық ұйықтаған адам азырақ тамақ жеп, тезірек артықтайды
Негізі бұл туралы бұрыннан да айтылып келген, бірақ америкалық ғалымдар арнайы тәжірибе өткізіп, бұл тұжырымды дәлелдеді.
Тәжірибеге тәулігіне 6,5 сағаттан аз ұйықтап жүрген 80 ерікті іріктелді. Оларды тең екі топқа бөлген. Біріншісі бұрыңғы ұйқы режимін жалғастырса, екінші топтағылар тәулігіне 8,5 сағат ұйықтайтын болды. Ал тамақтану режимі барлығына өзгеріссіз қалдырылды. Нәтижесінде бір-екі сағат артық ұйықтаған адам күніне 270-500 килокалорийге азырақ тамақтанып, сәйкесінше салмақ тастаған.
Дереккөз: New Atlas