Бейжің-2022: Қазақстан құрамасының киім үлгісі стильді формалар рейтингіне кірді
«Қазақстан сән сынынан өтті. Көк және ақ түстер мұз бен қардың символы, ал қара түс сәттіліткі білдіреді»,
— делінген Халықаралық Олимпиада Комитетінің мәлімдемесінде. Еске салайын, қазақстандық спортшылардың киім үлгісін ресейлік дизайнер Дмитрий Шишкин жасады. Бұған дейін америкалық басылым Қазақстанның Олимпиадалық формасын Бейжіңдегі ойындарда ең стильді киімдер рейтингіне қосқан болатын.