Қазақстанда биылдан бастап 17 жасқа толмаған балалар ел ішінде тегін ұша алады
Бұл қазақстандықтарды ел курорттарында демалуға ынталандырады деп күтілуде.
Бағдарлама 1 қаңтардан бастап қолжетімді. Ол үшін Қазақстан азаматы немесе елімізде тұрақты тұруға рұқсат болу керек, кәмелетке толмаған жолаушы ата-анасымен немесе жақын туысымен ұшады, бағдарлама Қазақстанның бүкіл аумағына қолданылады. Және басты талап — туристік өнімді сатып алу мақсатында ішкі туризм саласындағы туроператорға жүгіну шарт. Балалар авибилеттеріне жұмсалған соманы қайтару үшін Kazakh Tourism ұлттық компаниясына өтініммен және қажетті құжаттармен жүгіну керек.
Дереккөз: Спутник