Бейжің Олимпиадасы: Бүгін қазақстандық спортшылар іріктеу жарыстарын бастайды

⚽ Спорт
03.02.2022
Просмотров: 170

Алғашқы болып медальдар үшін фристайлшылар күреске түседі. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының көшбасшысы, 2018 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева да  бар.

Әйелдер арасында жарыс сағат 16:00-де, ерлер арасында 17.45-те басталады. Жалпы фристайлдан 13 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Ойындарды «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар» және «El arna» телеарналарынан тікелей эфирден көруге болады. Еске салайын,  87 жолдамаға ие болған Қазақстан құрамасы Бейжіңге 34 спортшымен келді. Олар сегіз спорт түрінен медальдар үшін жарысады.

Дереккөз: Қазақпарат 

Так же вам может быть интересно