Қазақстанда аренда ақысын төлеуге көмектесетін бағдарлама мамырда іске қосылады

🇰🇿 Новости Казахстана
01.02.2022
Просмотров: 221

Оператор болып Отбасы банк белгіленді. Бағдарламаға баспана алу үшін кезекте тұрған қазақстандықтар қатыса алады.

Көмек азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген: 50 % мемлекеттік субсидия есебінен жабылады, қалған 50%-ын үйді жалға алған адам өзі төлейді. Осылайша қазақстандықтар жалдау ақысынан үнемделген қаражатты үй сатып алуға жинай алады. Өтініш берушіге қойылатын негізгі талап: отбасының әрбәр мүшесінің бір айлық табысы  ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы керек (36 мың теңге). Шамамен баспанаға мұқтаж 70 мыңнан астам отбасы осы механизммен қамтылады деп жоспарланған.

Дереккөз: Спутник 

Так же вам может быть интересно