Биыл қазақстандық студенттердің шәкіртақысы өседі

🇰🇿 Новости Казахстана
24.01.2022
Просмотров: 116

1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысына 20%, магистранттар мен докторанттардың стипендиясына 15% үстемақы қосылады.

Осылайша, болашақ педагогика мамандары айына 58 мың теңге, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы ала бастайды. Ал магистранттардың шәкіртақысы 87 мың теңгеге дейін, докторанттардың стипендиясы 195 мың теңгеге дейін өседі. Еске сала кетейін, студенттер мен магистранттардың стипендиясы былтыр қыркүйекте көтерілген болатын. Қазір студенттер 31 мың теңге, магистранттар 77 мың, ал докторанттар 172 мың теңге алады.

Метки: Студент

Так же вам может быть интересно