Биыл Қазақстанда мемлекеттік білім гранттарының саны 5 мыңға артады
Осылайша, олардың жалпы саны 61 мыңға дейін жетеді. Жалпы, 2025 жылға дейін білім беру гранттарының саны кезең-кезеңімен тағы да 15 мыңға артады.
Сондай-ақ гранттарды бөлу кезінде әлеуметтік осал санаттағы қазақстандықтар үшін квоталар көзделген. Яғни, көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, отбасыларында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасынан шыққан талапкерлер грант алу үшін әлдеқайда көп мүмкіндіктерге ие болады.
Дереккөз: ҚР Білім және ғылым министрлігі