Тарихта тұңғыш рет Олимпиада құрамасының формасында ел атауы қазақша жазылады
Маңызды элементті халықаралық белгіден ұлттық белгіге өзгерту үшін халықаралық олимпиада комитетінен арнайы рұқсат алынған.
Енді ұлттық құраманың формасында латын әрпімен Qazaqstan деп жазылып тұрады. Бұрын ағылшын тілінде Kazakhstan деп жазылатын. Спорттық форманы отандық компания өндірген. Киім үлгісін ресейлік дизайнер Дмитрий Шишкин дайындаған. Олимпиада формасын жасауға бір жылдан астам уақыт кеткен. Спортшылар ұсыныстарын білдіріп, дизайн мен спорттық киімнің жарық көруіне өз үлестерін қосқан. Бір аптадан кейін Қазақстан құрамасы Қытайға аттанады. Еске салайық, 24-ші Қысқы Олимпиада ойындары Пекинде ақпанның 4-і мен 20-сы аралығында өтеді. Қазақстан 8 спорт түрінен 82 жолдамаға қол жеткізді. Бүгінгі таңда олимпиадалық құрама сапына 32 спортшы енді.
Дереккөз: Olympic.kz