Ғалымдар маска киген адамдар тартымдырақ көрінетінін анықтады

👩‍🔬 Исследования и открытия
18.01.2022
Просмотров: 117

Кардифф университетінің мамандары 50 әйел адамның қатысуымен тәжірибе өткізген.

Еріктілерге үш түрлі ер адамның фотосын көрсетіп, өз ойын айтуды сұраған: олар маска киген, кимеген және бетін кітаппен жауып алған ер адамдар. Нәтижесінде тәжірибеге қатусышының басым бөлігі бетперде киген жігіттерді тартымдырақ деген пікір білдірген. Ер адамдардың қатысуымен өткен тәжірибе дәл осындай нәтиже берді. Ғалымдардың пікірінше, маска кигенде акцент адамның көзіне түседі, сондықтан оның тартымдылығы артады.

Дереккөз: Daily Express 

Так же вам может быть интересно