Үкімет Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру жөніндегі жоспар жобасын бекітті

🇰🇿 Новости Казахстана
18.01.2022
Просмотров: 146

51 іс-шарадан тұратын жобаны жаңа ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров таныстырды. Құжат тәртіп пен қауіпсіздік және әлеуметтік мәселелерді қамтиды.

Мәселен, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бағытында 15 іс-шараны іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда, сұйытылған мұнай газын өткізудің жаңа тетігін әзірлеу, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру, көмір бағасының өсуіне жол бермеу шаралары. Сонымен қатар, салықтық, кедендік тексерулерді 2022 жылғы 1 ақпанға дейін тоқтата тұрып, кейінге қалдыру, теңгеге деген сенім толық қалпына келгенше валюта нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары жоспарланған.

Дереккөз: Казиноформ 

Так же вам может быть интересно