Лайфхак: Уэльс тұрғыны балаларын қол жууға үйрету үшін сабынның ішіне ақша салып қойды
Джоанна Маккейб алдымен қолдан сабын жасауға арналған жиынтықты сатып алған. Содан кейін купюраны целлофанға орап, оны сабынның ортасына орналастырған. Ақшаға қол жеткізу үшін сабынмен көбірек жуыну керек. Сабын мөлдір болғандықтан, купюра анық көрініп тұрады.
Дереккөз: The Sun