Тағы да шатастырып алды: Виталий Кличко украиналықтарды 2222 жылмен құттықтады
Киев мэрі орыс тілі болсын, туған украиналық тіл болсын, үнемі дұрыс сөйлемей, ұятқа қалып жүреді. Осы жолы да солай болды.
Отандастарын келе жатқан жаңа жылмен құттықтайын деген Кличко алдымен
«Жақсы көңіл-күймен 2220 жылды қарсы аламыз»
деп бастады. Алайда дұрыс айтпағанын түсініп, «2222 жылды қарсы аламыз», деп қатесін дұрыстайын деп одан бетер шатасып кетті.