Қазақстандықтардың жаңа жылдық дастарханға қанша ақша жұмсайтыны белгілі болды
Биыл қазақстандықтар мерекелік үстелге орташа алғанда 62 мың теңге жұмсауға дайын.
Жақындарына арналған сыйлықтарға ел тұрғындары тағы 25 мың теңге бөлуге дайын. Әрине, барлығы табыс деңгейіне байланысты. Айына 100 мың теңге алатын жанұя Жаңа жылға 43 мың теңге бөлсе, айлығы 300 мың теңгеден асатын қазақстандықтар мерекелік үстелге 79 мың теңге жұмсамақшы.
Дереккөз: DATAmetrics