Британиялық бренд киім бояу үшін лас ауаны қолданады

🌐 В мире
14.12.2021
Просмотров: 132

Экологияны сақтауға бағытталған тиімді тәсілді Vollebak компаниясы ұсынып отыр.

Алдымен теңіз балдырларынан көмірқышқыл газының қалдықтарын бөліп алады. Ол үшін спирулина балдырын термиялық өңдеуден өткізеді. Жоғары температура әсерінен өсімдік қара ұнтаққа айналады. Мұндай түс балдырлар сіңірген көмірқышқыл газдың әсерінен пайда болады. Қара ұнтақты акрилмен қосып, киімді бояуға болады. Бұл қара түсті шығарудың зиянсыз тәсілі. Себебі, қара карбон пигментін термиялық пиролиз, яғни мұнайды жағу процессі кезінде шығарады. Бұл тәсіл қоршаған ортаны ластайды.

Алдымен спирулина балдырын термиялық өңдеуден өткізеді
Жоғары температура әсерінен өсімдік қара ұнтаққа айналады. Мұндай түс балдырлар сіңірген көмірқышқыл газдың әсерінен пайда болады

Дереккөз: Dezeen 

 

Так же вам может быть интересно