Crazy Frog 11 жылдан кейін алғашқы клип шығарды

🎼 Музыка
10.12.2021
Просмотров: 152

Енді әйгілі көк түсті кішкентай бақа Тик Токты бағындырмақшы.

«Tricky» атты сингл RUN DMC америкалық рэп-тобының It’s Tricky композициясы мен хип-хоп орындаушысы Millie B-дің M to the B әнінің ремиксі. Клипта швед дизайнері Эрик Вернквистің ойлап шығарған кейіпкер роботтардан қашып, ракетамен ғарышқа аттанады. You Tube-та клип 12 сағаттың ішінде 200 мыңға жуық рет қаралды. Еске салайық, Axel F-тың Crazy Frog синглі 2009 жылы шығып, You Tube-та 3,1 млрд рет қаралып, ең танымал клиптардың ішінде  19 орынға ие болды.

Метки: Crazy Frog

Так же вам может быть интересно