Скриптонит ағылшын тіліндегі альбом шығарды

🎼 Музыка
10.12.2021
Просмотров: 262

Нигериялық рэпер Gee Baller-мен бірлесіп шығарған туынды The Genetic Code, яғни, «Генетикалық код» деп аталады. Альбомға 14 трек кірді.

Жаңа релиз екі бөлімнен тұрады: біріндегі әндер қазіргі заманғы әуенде орындалса, екіншісі олдскул музыкасымен ерекшеленеді. Айта кетейік, «Генетикалық код» Скриптониттің биыл шығарған үшінші альбомы. Наурызда қазақстандық рэпердің «Свистки и бумажки» атты альбомы жарық көрді. Ал жазда Скриптониттің «Плохие привычки» атты туындысы шықты. Еске салайық, қарашаның аяғында Скриптонит ресейлік Apple Music Awards жүлдесін «Ресейдің жыл әртісі» санатында жеңіп алды.

Дереккөз: Karmapolitan

Метки: Скриптонит

Так же вам может быть интересно