«Сары мысық» фильмі Қазақстан атынан «Алтын глобусқа» ұсынылды
Әділхан Ержановтың фильмі қазақстандық Бонни мен Клайдтың оқиғасын баяндайды.
Түрмеде өз жазасын өтеп болғаннан кейін Кермек деген жігіт қылмыстық топ өз билігін орнатқан туған қаласына оралады. Онда жігіт Ева деген сүйікті қызын кездестіреді. Кермектің өзі қылмысқа араласып, сүйіктісімен бірге босап, кинотеатр салуды армандайды. «Сары мысық» сондай-ақ «Үздік шетел фильмі» номинациясында Оскар сыйлығына ұсынылған болатын. Айта кетейік, «Алтын глобус» киноиндустрияда «Оскардан» кейінгі екінші беделді сыйлық.
Дереккөз: Tengrinews