Австралия тұрғыны кекіруден әлемдік рекорд орнатты
Невилл Шарп кекірігінің дыбысы 112,4 децибелге жетті. Бұл электр бұрғы мен тромбоннан да қатты.
Мұндай әсерлі көрсеткішке жету үшін Невилл бес жыл бойы жаттыққан. Алдыңғы рекорд 12 жыл бойы Англия тұрғынына тиесілі болды. Пол Ганның көрсеткіші – 109,9 децибел. Әйелдер арасында рекордты 2009 жылы италиялық Элизе Каньони орнатты. Оның кекірігі 107 децибелге жеткен.
Дереккөз: Гиннесс рекордтар кітабы