Бір күнде танымал болған қызылордалық сылақшы қыз халықаралық ән байқауына қатысады
Аsia’s Got Talent шоуының өкілдері Гүлмайдан Серікбайға хабарласып, оның кастингтен өткенін айтқан. Енді әнші халықаралық байқауда Қазақстанның намысын қорғайтын болады.
Сонымен қатар, Гүлмайдан Сәкен Майғазиевтің қолдауымен Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында оқуын жалғастырады. Бұл ертегі сияқты, алайда сылақшы болып жұмыс істеп жүрген 27 жастағы қыздың өмірі небәрі үш күн ішінде күрт өзгерді. Гүлмайданның Инстаграмдағы жазылушылар саны 1 мыңнан бірден 50 мыңға көбейді. Өзін Дана деп атайтын құрылыста жүріп ән салған қыздың видеосы әлеуметтік желіде кеңінен таралды. Кейін продюсер Жан Мұқановтың Данаға ән жазып бергені белгілі болды.