Британияда мобильді телефондар мұражайы ашылды

⌚ Lifestyle
26.11.2021
Просмотров: 104

Топтамаға 1984 жылдан бастап шығарылған 2 мыңнан астам модельдер кірді. Мұражайды ашқан — Бен Вуд пен Мэтт Чаттерли есімді Британия тұрғындары.

Топтама бірнеше санатқа бөлінген. Мысалы, коллекцияда «Ең алғашқы мобильді телефондар», «Ең көп сатылған модельдер», «Ең ұсқынсыз мобильді телефондар», «Фильм кейіпкерлері қолданған мобильді телефондар», «Джеймса Бондтың телефондары», «Сәнді телефондар» бар. Мұражайдың сайтында әр телефонның сипаттамасы мен шығу тарихы жазылған.

 

Так же вам может быть интересно