Киану Ривз өзін Вайнона Райдердің күйеуі деп жариялады

🎬 Кино
24.11.2021
Просмотров: 145

57 жастағы актердің айтуынша, 1992 жылы әйгілі «Дракула» фильмінің түсірілімі кезінде басты кейіпкерлерді шіркеуде шынайы румыниялық дін қызметшісі үйлендірген.

«Сондықтан бұл некеге құдай алдында тұрдық деуге болады. Мен шынымен де біз өмірде де үйленгенбіз деп санаймын»,

-дейді Ривз. Бұл пікірмен «Дракуланың» режиссері Фрэнсис Форд Коппола да келіседі. Сонымен қатар, бұдан бұрын 50 жастағы Вайнона Райдердің өзі де Киану екеуін ерлі-зайыпты деп санайтынын айтқан болатын. Айта кету керек, Киану да, Вайнона да өмірде ресми ешқашан үйленген емес.

Кадры из фильма «Дракула»

Дереккөз: Esquire 

Так же вам может быть интересно