АҚШ тұрғынының $30-ға сатып алған суреті құны $50 млн-дық шедевр екені анықталды
2019 жылы Клиффорд Шорер Бостонда өтіп жатқан жаппай сату кезінде ескі суретті ұнатып қалған. Бағасы да қымбат емес. Кейін ол суретті тексерістен өткізуге ұйғарған.
Осылайша, ол Қайта өркендеу дәуірінің суретшісі Альбрехт Дюрердің туындысы екені анықталған. Сурет шамамен 1503 жылы салынған. Енді ол үшін әлемнің ең ірі музейлері таласып жатыр. Картина 50 млн-ға бағаланып отыр. Оны сатып алған ер адамға өтемақы ретінде $100 мың төленді.
Дереккөз: Artnewspaper