Әлемдегі ең сұлу волейболшылардың бірі қазақстандық клубта өнер көрсетеді
34 жастағы Бетания де ла Крус Өскемендегі «Алтай» әйелдер волейбол командасының ойыншысы атанды.
Бұл туралы команда Инстаграмдағы парақшасында хабарлады. Доминикандық волейболшы әлемнің бірнеше дүркін чемпионы. Ол Пуэрто-Рико, Жапония, Корей, Ресей, Италия және Түркия елдерінің клубтарында ойнаған. Сонымен қатар, спорттық жетістіктерінен бөлек Де Ла Крус бірнеше рет әлемдегі ең сұлу волейболшылардың рейтингіне енген.