Бүгін Доха-Алматы-Доха бағыты бойынша жаңа әуе рейс ашылды
Qatar Airways әуе компаниясының Airbus А320 типті әуе кемелері аптасына 2 рет – дүйсенбі және жұма күндері ұшатын болады.
Борт сыйымдылығы — 132 орын (12 бизнес класс, 120 эконом класс үшін). Ұшу уақыты – 5 сағат 15 минут. Жолаушылар Дохадағы Хамад халықаралық әуежайы арқылы 140-тан астам бағыт желісін пайдалана алады. Qatar Airways әуе компаниясының сайтына сәйкес, бүгін екі жаққа ұшу билетінің құны 175 мың теңгеден басталады.