«Диего және мен»: Фрида Калоның автопортреті рекордтық $35 млн-ға сатылды
Бұл Латын Америкасы шеберлерінің жұмыстары үшін рекордтық сома. Мексикалық суретшінің «Диего және мен» атты автопортреті Нью-Йорктегі Sotheby’s аукционында сатылды.
Автопортрет 1949 жылы салынған. Онда суретшінің маңдайында жұбайы Диего Ривераның портреті бейнеленген. Картинаны 1990 жылы $1,4 млн-ға сатып алған коллекционердің мұрагері аукционға шығарды.
Дереккөз: Sotheby’s