Геннадий Головкин үш бірдей чемпиондық титул үшін жұдырықтасады
ІBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы жапониялық Рёта Муратамен жекпе-жек өткізетінін ресми түрде хабарлады.
Кездесу 29 желтоқсанда Токиода өтеді.
«Big Drama Жапония. 29 желтоқсанда кездескенше»,
— деп жазды GGG Instagram-да. Жекпе-жекте үш чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Қазір Головкинде IBO және IBF, ал Муратада WBA Super титулы бар. Жапониялық боксшы жекпе-жекті асыға күтетінін айтты.
«Менің боксатғы мансабым Геннадий Головкинмен күресу алдындағы дайындық болғанын сеземін»,
деді Мурата.