Ғалымдар болаттан 3 есе өткір ағаш пышағын шығарды
АҚШ-тағы Мэриленд университетінің химиктері ағашқа жұмсақтық беретін – гемицеллюлоза мен лигнинді алып тастаған.
Ағаш иілгіш және сынғыш қалпына енген. Сондықтан материалды ары қарай жоғары температурада тығыздаған. Нәтижесінде пайда болған материал қарапайым ағаштан 23 есе мықтырақ болып шықты. Суды сіңірмеуі үшін ағашты минералды маймен қаптады. Мұндай ағаш пышығымен кез келген стейкті оп-оңай кесуге болады. Оны металлдан жасалған пышақтар тәрізді қайрауға болады.
Дереккөз: Newsscientist