Бразилияда қызыққұмар тотықұс жол ережесін бақылайтын камерамен жасырынбақ ойнап, Желі қолданушыларын тәнті етті

🌐 В мире
04.11.2021
Просмотров: 119

Оқиға Куритиба қаласында орын алды. Жазбада тотықұс камераға қайта-қайта тығылып қарайды.

Белгілі болғандай, камераға түсіп қалған көк маңдайлы амазон тотықұсы. Сүйкімді құс әдетте шексіз көлік ағынын көрсететін видеоны жандандырып, қызықты контентке айналдырды. Жол компаниясы жазбаны Желіге жүктеп, «Бүгін таңертең біздің камера арнайы қонақты қабылдады», — деп жазды. Видео Желі қолданушыларын тәнті етті:

«Қандай сүйкімді, бізбен жасырынбақ ойнап жатқандай!», «Жаңа қызметші камераларды тексеріп жатыр!», «Көздері сондай мөп-мөлдір!»,

— деп жазды олар.

 

Так же вам может быть интересно