8 жастағы қазақстандық «Супермодель – 2021» әлемдік байқауында жеңіске жетті
Атырау облысы Көптоғай ауылының тұрғыны Мәриям Ишанғалиева Сочиде өткен жас модельдер байқауының гран-при сыйлығына ие болды.
Конкурсқа 25 елден келген қыздар қатысты. Байқау үш кезеңнен тұрды: визит карточкасы, дефиле және шығармашылық. Мәриям «Адай» күйін қосып, ұлттық костюммен сахнаға шықты. Қазылар алқасы тәнті болып, Мәриямды «Супермодель – 2021» атауына лайық деп таныды.
Фото: ATPress